22 сәуір 2021 | 09:07

Марста алғаш рет оттегі алынды - NASA 

Фото: NASA

NASA мамандары Марс атмосферасынан планетамен жүретін Perseverance бортында орнатылған құрылғы арқылы оттегін алды. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

NASA мамандары Марс атмосферасынан планетамен жүретін Perseverance бортында орнатылған құрылғы арқылы оттегін алды. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оттегі тәжірибелі MOXIE қондырғысының көмегімен алынды. NASA өкілдерінің айтуынша, бұл әдіс Марста оттегі алуға және сақтауға мүмкіндік береді.

Барлығы 5 грамм оттегі алынды. Бұл бір ғарышкерге шамамен 10 минут тыныстауға жеткілікті екен. MOXIE "сағатына 10 грамм оттегін" алады деген болжам бар.

Реклама
Реклама

"Мұндай құрылғылар бір күні ғарышкерлерді дем алуға жарамды ауамен қамтамасыз етуі мүмкін", - дейді ғарыш агенттігінің өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная