Мәскеуде қазақ тілінен олимпиада өтті

© Сұлтан Жанайдаров

22 ?азан к?ні М?скеуде "Елім мені?" Олимпиадасы ?з м?ресіне жетті. Онда Ресей Федерациясыны? аума?ында т?ратын 14-24 жас аралы?ында?ы отандастарымыз ?аза? тілі, ?аза?станны? м?дениеті мен тарихы бойынша ба? сынасты. Бай?ау?а ?аза? тілін ме?геріп ж?рген ресейлік студенттер де ?атысты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

22 қазан күні Мәскеуде "Елім менің" Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда Ресей Федерациясының аумағында тұратын 14-24 жас аралығындағы отандастарымыз қазақ тілі, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы бойынша бақ сынасты. Байқауға қазақ тілін меңгеріп жүрген ресейлік студенттер де қатысты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Білім бәйгесін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекелерінің аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі және консулдық мекемелері ұйымдастырды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты Ресейдегі қазақ жастарының қазақ тіліне қызығушылығын арттырып, елдің тарихы мен мәдениеті деген танып-білуіне мүмкіндік жасау.

Реклама
Реклама

 
Олимпиаданың алғашқы кезеңі мамыр айында өткен болатын. Ал ақтық сынға үздік шыққан үміткерлер іріктелді. Олардың білім деңгейін Ресей ғылым, филология және әдебиет академиясының оқытушылары бағалады. Сөйтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Мәскеу лингвистикалық университетінде марапатталды.

Жүлделі үшінші орын Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студенті Анастасия Решетниковаға бұйырды. Екінші орын Санкт-Петербор сәулет-құрылыс университетінің студенті Нұрсұлтан Асылхан иеленді. Ал жарыс жеңімпазы болып Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Қуанова лайық деп танылды.

 
Сондай-ақ Олимпиаданың ең жас қатысушысы - Мәскеу мектебінің үшінші сынып оқушысы Тахир Аршабаев та арнайы сыйлықпен марапатталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама