12 сәуір 2018 17:06

Маскүнемдіктің басты себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atkarskuezd.ru © atkarskuezd.ru

Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің маманы Тимоти Фрейлинг бастаған бір топ маман қан қысымы жоғарылауына, қант пен ішімдікті көбірек пайдалануға себеп болатын FGF21 генінің бір түрін (аллель) анықтады. Сонымен қатар, бұл аллельдің адам ағзасындағы жиналған майдың азаюына да қатысы бар болып шықты. Ғалымдардың зерттеу қорытындысы Cell Reports журналында жарияланды.

FGF21 гені бауырдан бөлінетін гормон. Ол адипоцитамдардың глюкозаны сіңіруіне жауапты, осылайша, қандағы қант деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, ол адамның гипоталамусына әсер етіп, қант пен ішімдік ішуіне деген ынтаны басып отырады. 

FGF21 генінің кей мутациялары өзгеше қасиетке ие аллельдердің пайда болуына әкеледі.

Мамандар 500 мың адам қатысқан UK Biobank зерттеуінің қорытындыларын сарап, FGF21 генінің rs838133 ретінде белгіленген аллелін анықтады. Ол адамдардың 45 пайызында ғана кездеседі екен. Гормонның бұл түрі қант пен алкогольді көп пайдаланып, ақуыздар мен майларды аз пайдалануға байланысты болады екен. Сонымен бірге, ол май қабатының азаюына да әсер етеді. Дегенімен бұл адамды сымбатты етеді деген сөз емес. 

Зерттеушілердің пайымынша, rs838133 ретінде белгіленген аллель қан қысымның жоғарылауына әсер етеді. Ал түрлі аллельдер мен олардың фенотипті қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттеу, қандайда бір генге бағытталған дәрілердің әсері неге төмендейтінін анықтауға көмектеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети