Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

© kievvlast.com.ua

Білім ж?не ?ылым министрі Ерлан Са?адиев 15 мамырда ?аза?станда жалпы?лтты? ата-аналар жиналысы ?тетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады. 2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы. 

Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады. 

Реклама
Реклама

"Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз", - деді министр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама