15 сәуір 2019 | 12:38

Министр мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

© Тұрар Қазанғапов

1 маусымда білім саласындағы мамандардың жалақысы өседі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 маусымда білім саласындағы мамандардың жалақысы өседі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бастамасын іске асыру аясында білім беру жүйесін дамыту туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы білім саласына да бірқатар тапсырма берген. Олардың ішінде ең негізгісі - білім саласындағы өзгерістер мен реформаларды белгілі бір жүйелі нәтижеге келтіру мәселесі.

Реклама
Реклама

"Әрине, көбін қызықтыратын дүние - білім саласында қызмет ететін мамандардың жалақысын өсіру мәселесі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тариф коэффициентін бекітті. Осыған байланысты бізде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын көбейтуге байланысты бөлінген қаржының 75 пайызы білім саласының мамандарына беріледі. 1 маусымнан бастап жалақы өседі", - деді Күләш Ноғатайқызы. 

Министрдің айтуынша, жалақыны өсіру үш саты арқылы бөлінеді екен. 

"Бірінші кезекте, еңбек өтілін енді ғана бастаған мамандар - жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, психологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері және көмекшілері, қосымша білім беру жүйесінде істейтін педагогтардың жалақысы өседі. Екінші кезекте, қосымша персонал, яғни - еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехник пен электриктер. Үшінші кезекте, басқарушы персоналдардың жалақысы өседі. Олар - мектеп директорлары, олардың орынбасарлары және балабақша басшылары", - деді министр. 

Сонымен қатар, білім және ғылым министрі алдағы үш жылда 190 мектеп салынатынын айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная