Мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр

© Life.ru

Мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр, деп хабарлады "КТК".

Телеарнаның мәліметінше, Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты.

Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: КТК.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама