Мысырдағы пирамидалар ғарыш сәулелерінің көмегімен зерттеледі

© Vilingstore.net

Мысыр билігі пирамидаларды зерттеуді жалғастырып жатыр. Көне мазарлар ғарыш сәулелерінің көмегімен сканерленетін болады. Бұл туралы РИА Новости Мысырдың мәдени мұралар және көне дәуір ескерткіштері министрі Мамдух ад-Даматиге сілтеме жасап хабарлады. 

Зерттеу жұмысы ғарыш сәулелерін тіркеу негізінде жасалатын болады. Мұндай тәжірибе бұған дейін Мексика мен Белиздегі пирамидаларға қолданылған болатын.

"Пирамидалар бұрыннан зерттеліп келеді. Дегенмен жаңа технологиялар көмегімен мұндай зерттеу алғаш рет жасалып отыр. Ғарыш сәулелерінің қолданылуына жапондар көмектеседі", - деді ведомство басшысы.

Реклама
Реклама

Министр пирамидаларда құпия әлі де бар екенін алға тартты. Зерттеу жұмысы алдағы айда басталады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама