13 қаңтар 2019 | 12:12

Нобель сыйлығының иегері нәсілшілдік үшін атағынан айырылды

ДНҚ құрылымын тұңғыш болып ашып, Нобель сыйлығын алған Джеймс Уотсон кезінде өзі басқарған Колд-Спринг-Харбор зертханасы берген атақтардан айырылды. Бұған ғалымның деректі фильмдегі мәлімдемесі себеп болған. Сұхбатында ол түрлі нәсіллердің зияткерлік мүмкіншіліктері тең емес деген тұжырым жасайды. Мәлімдеме зертхананың сайтында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ДНҚ құрылымын тұңғыш болып ашып, Нобель сыйлығын алған Джеймс Уотсон кезінде өзі басқарған Колд-Спринг-Харбор зертханасы берген атақтардан айырылды. Бұған ғалымның деректі фильмдегі мәлімдемесі себеп болған. Сұхбатында ол түрлі нәсіллердің зияткерлік мүмкіншіліктері тең емес деген тұжырым жасайды. Мәлімдеме зертхананың сайтында жарияланды.

Джеймс Уотсон Нобель сыйлығын 1962 жылы екі спираль түріндегі ДНҚ құрылымын ашқаны үшін алған. Карьерасының басым бөлігін ол Нью-Йорк маңындағы Колд-Спринг-Харбор жеке зерттеу институтындағы зертханада өткізген. Қазіргі уақытта зертхана штатында 400-дей қызметкер бар. Мұнда Нобель сыйлығын алған тоғыз ғалым жұмыс істеген. Уотсон 1968 жылы зертхана директоры болған, 1994 жылы президенті болып, кейін 2004 жылы құрметті жетекші атанған. 

Реклама
Реклама

Алайда 2007 жылы Уотсонның мәлімдемелері әріптестерінің наразылығын туғызып, салдарынан ол жұмысынан айырылған еді. Сол уақытта ол сұхбатында еуропеоид және негроид нәсілдерін зияткерлік орташа мүмкіншіліктері тең емес деген мәлімдеме жасаған. 

Осы айда шыққан деректі фильмде Уотсон көзқарасы 2007 жылдан бері айтарлықтай өзгермегенін мәлімдеген. Ол әлі де еуропалықтар мен қара нәсілділердің IQ-сынақ арқылы бағаланатын генетикалық ақыл-ой мүмкіндіктері айтарлықтай әрқилы болып келетінін айтқан.   

Оның бұл мәлімдемелеріне зертхана қызметкерлері мәлімдеме жасап, онда Уотсонның көзқарастарын "ғылымда дәлелденбеген", "сөгуге лайық" деп атайды. Осылайша зертхана Уотсонды еңбегі сіңген жетекші, Оливер Грейс атындағы еңбегі сіңген профессор, сондай-ақ құрметті қамқоршы атақтарынан айырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная