06 шілде 2020 | 10:31

Оксфорд ғалымы коронавирустың Қытайдан шыққанына күмән білдірді

Сурет: pixabay.com

Оксфорд дәлелді медицина орталығының (Centre for Evidence-based Medicine, CEBM) аға ғылыми қызметкері Том Джефферсон коронавирустың Қытайдан шыққанына күмән келтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оксфорд дәлелді медицина орталығының (Centre for Evidence-based Medicine, CEBM) аға ғылыми қызметкері Том Джефферсон коронавирустың Қытайдан шыққанына күмән келтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бүкіл әлемдегі деректерге сүйене отырып, ғалым вирустың біраз уақыт бойы әртүрлі елде болғанына сенімді. Себебі мұның алдында коронавирустың іздері 2019 жылдың наурызында - Қытайда COVID-19-дың алғашқы оқиғаларына дейін тоғыз ай бұрын Барселонадағы ағын су сынамаларынан табылған. Өткен желтоқсанда Турин мен Миланда алынған үлгілерде де оң нәтиже көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, вирус әлдеқашан "осында" болған, осында дегенім "барлық жерде". Мүмкін, бұл қоршаған орта әсерінен оянған ұйықтап жатқан вирус", - деп атап өтті ол.

Ол Оңтүстік Георгиядан Буэнос-Айреске бара жатқан круиздік лайнерде болған коронавирус жұқтыру жағдайын мысалға келтірді. "Сегізінші күні жолаушылар Уэдделл теңізін кесіп өтіп бара жатқанда бірінші оқиға тіркелді. Ендеше вирус әзірленген тағамда болды ма? Мұздан ерітілгеннен кейін оянуы мүмкін бе?" - деген сұраққа тап болды ғалым.

Джефферсон індетті өткен ғасырдың басында тараған "испанка" пандемиясына ұқсатты. 1918-1920 жылдар аралығында бұл тұмаудан 100 миллионға жуық адам қаза тауып, жердің әрбір үшінші тұрғыны жұқтырды. Ғалым сыртқы әлеммен байланысы жоқ Батыс Самоа халқының 30 пайызы қырылғанына назар аударды.

Маманның пікірінше, вирустың қоздырғыштары белгісіз жерден келмейді және олар ешқайда кетпейді.

"Олар әрдайым осында, кейде вирусты белсенді қылатын жағдайлар болады - мысалы халықтың тығыздығы немесе қоршаған орта. Дәл осыны біз зерттеуіміз керек", - деп түсіндірді Джефферсон.

Ол вирустың тек ауа тамшылары арқылы адамдар арасында емес, сонымен қатар ағын судан да берілуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная