23 қараша 2021 | 13:53

Pfizer мәлімдемесі: Вакцина жасөспірімдерге 100 пайыз тиімді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Америкалық Pfizer фармацевтика компаниясы 12-15 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина 100 пайыз тиімді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Pfizer фармацевтика компаниясы 12-15 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина 100 пайыз тиімді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті деректерді 2 228 бала қатысқан зерттеу растады. Плацебо тобындағы 30 бала коронавируспен ауырса, вакцина алған топта мұндай жағдай мүлде тіркелмеген. Бұл препарат 100 пайыз тиімді екенін айтуға негіз болады, делінген мәлімдемеде.

"Бұл 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге COVID-19 вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсететін алғашқы және жалғыз ашылған деректер", - делінген Pfizer мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Деректерге сүйене отырып, компания бүкіл әлемдегі реттеуші органдарға вакцинаны толық сертификаттауға өтініш беруді жоспарлап отыр.

Еске салайық, 30 қазанда АҚШ 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берген болатын. Қазақстанда Pfizer вакцинасын 27 554 адам салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная