Қарағандылық оқушы Мәскеуде химиядан өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алды

Қарағандылық оқушы Мәскеуде химиядан өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алды

Қарағандыдағы Қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Мұрат Тишкұл ММУ-дың грантын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқушы 1-10 мамыр аралығында Мәскеуде химиядан өткен халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысады. Жарыс нәтижесі бойынша ол күміс жүлде алып, ҰБТ тапсырмау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның кез келген жоғарғы оқу орнында, Ресейдің Мәскеу Мемлекеттік университетінде тегін оқи алады.

Облыстық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, Мұрат Тишкұл қайда оқитынын әзірше шешпеген. Дегенмен, мұғалімдер оның болашағы жарқын болатынына сенімді. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама