Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді

© Zanmedia.kz

?аза?-т?рік лицейлеріні? атауы ?згереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KATEV ?о?амды? ?орыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KATEV қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қор жетекшілігінің (Қордың құрылтайшылары мен ғылыми-әдістемелік кеңесі) шешімімен оқушылар қоғамдастығы, ата-аналар мен ҚТЛ директоры ҚТЛ-дің ребрендингіне келісім беріп, бұл атауды Қазақстан Республикасының 25 жылдығына қарсаңында "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІ" деп өзгертеді", - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінде қор қызметі жаңа жобалар мен идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыттар бойынша дамитындығын атап өтті.

Реклама
Реклама

Мұның алдында ҚР-дағы Түркия елшісі Невзат Уянык Қазақстанда Түркия үкіметі ресми қолдайтын оқу орны тек Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті екенін мәлімдеген болатын. "ҚР аумағында жұмыс істеп жатқан және "қазақ-түрік мектептері" атауын қолданып жүрген қалған оқу орындары біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", - деп мәлімдеді ол.

Алайда, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі лицейлерді жабудан бас тартып, оқу орындарының Түркияға қатысы жоғын, ал білім беру саясатын қазақстандық және халықаралық стандарттар негізінде құрып отырғанын айтып өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news47
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама