Қазақстандық жігіт Pokemon Go негізін қалаушыларға стартап бағдарламасын сатты

Камила Долаева Журналист
Фото: facebook.com/Данияр Турмухамбетов

Niantic компаниясы Matrix Mill стартап ?німін сатып алды, ?аза?станды? Данияр Т?рм?хамбет б?л стартапты? негізін ?алаушыларды? бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Niantic компаниясы Matrix Mill стартап өнімін сатып алды, қазақстандық Данияр Тұрмұхамбет бұл стартаптың негізін қалаушылардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Matrix Mill қосымша шынайылық саласындағы технологиямен айналысады.

REUTERS агенттігінің хабарлауынша, Niantic компаниясы Matrix Mill стартабын Ұлыбританияда алған. Оның мақсаты қосымша шынайылықты датчиктер арқылы емес, смартфонда бар функциялармен іске қосу. 

Реклама
Реклама

Данияр өзінің Facebook-тегі парақшасында Niantic-те жұмыс істей бастағанын хабарлады.

"Біз енді Лондонда Pokemon Go негізін қалаушы Niantic компаниясымен жұмыс жасаймыз", - деді қазақстандық жігіт.

Niantic - бағдарламамен қамтамасыз етумен айналысатын америкалық компания. Компания Ingress және Pokеmon Go жетілдірілген шынайылық элементтері бар мобильді құрылғыға арналған ойындарымен танымал. 2017 жылдың қарашасында Niantic Garry Potter: Wizards Unite ойынын іске қосу туралы ақпарат жариялаған еді. Ойын 2018 жылы шығады деп жоспарланған.

Данияр Тұрмұхамбетов - Алматы қаласының тумасы. ҚТЛ, Бейжіңдегі Цинхуа университеті және Лондондағы University College-ін бітірген. Компьютерлік ғылым саласында PhD дәрежесіне ие. Ол Лондондағы Matrix Mill-ның негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі уақытта ол Лондонда жұмыс істейді және сонда тұрып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама