ҚР БҒМ сайтында электронды оқулықтар пайда болды

?аза?станны? Білім ж?не ?ылым министрлігіні? сайтында электронды о?улы?тар пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің сайтында электронды оқулықтар пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірінші сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар алғашқы болып орналастырылды. Оқулықтардың электронды нұсқалары осы жылы елдің бірінші сыныптарына арналған оқулықтарды басып шығарған баспаханалар сайтында орналастыру үшін ұсынылды.

"Қазіргі балалар ақпаратты өзгеше қабылдау дағдысымен ерекшеленеді және әлемдік тәжірибе білім беру нәтижелілігін арттырудың пәрменді механизмдерінің бірі электронды білім беру ресурстарын кеңінен қол жетімді ету екенін көрсетеді. Оқыту материалын ұсынудың заманауи интерактивті әдістері білім беруді кез келген жастағы мектеп оқушысына қызықты және тартымды етуге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды пайдалану Қазақстанның білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағыттарға сай болуымен бірге, оқушыларды оқу бағдарламасына тартуға септігін тигізеді", - деп атап өтті министрліктен.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама