05 қараша 2018 | 08:25

Шет тілдерін меңгеруді бастау үшін ең жақсы жас аталды

Камила Долаева Журналист
© pixabay.com

Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) нейро және когнитивтік ғылымдар орталығының мамандары шет тілдерін үйренуге ең қолайлы жасты атады. Зерттеу Cognition журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) нейро және когнитивтік ғылымдар орталығының мамандары шет тілдерін үйренуге ең қолайлы жасты атады. Зерттеу Cognition журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Ғалымдар түрлі ұлт пен жастағы 670 мың адамнан жинаған ақпаратты саралау үшін арнайы компьютерлік модель дайындаған. Сауалнамаға қатысқан респонденттер жасын, ағылшын тілін қанша уақыт бойы оқығанын жазып, грамматикалық ережелер бойынша білімін тексеретін тест орындады.

Реклама
Реклама

Зерттеу нәтижесі бойынша, он жасқа дейін тілді оқып бастағандар оны ана тілінің деңгейінде меңгеруге мүмкіндігі жоғары. Ал 18 жастан кейін адам бойында тез үйрену қабілеті сақталса да, мұндай деңгейге жету әлдеқайда қиын болады.

Сондай-ақ зерттеушілер тіл үйренуге адамның дамуына әсер ететін биологиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар да ықпал ететінін атап өтті.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная