ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2019 | 12:50
Шымкентте мектеп директорлары кабинеттерін босатып жатыр
Шымкенттегі №25, №55, №60, №17 мектеп директорлары өз кабинеттерін босатты. Енді олар ауданы кең кабинетерін оқушыларға босатып беріп, өздері мектеп ғимараттарының бірінші қабатына жайғасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкенттегі №25, №55, №60, №17 мектеп директорлары өз кабинеттерін босатты. Енді олар ауданы кең кабинетерін оқушыларға босатып беріп, өздері мектеп ғимараттарының бірінші қабатына жайғасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты - мектептердегі сыныптар санының жетіспеушілігін жою, басшылардың кабинеттерін оңтайландырып, бюджет қаржысын барынша үнемдеу.
"Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім саласы басшыларына жұмыстың жаңа форматын ұсынды.
Бұндай шаралардың жүзеге асырылуы барысымен таныстырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырғанын жеткізді.
"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бюджет шығындарын оңтайландыру қажеттігін атап өтті. Әрине бұл мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың басшыларына да қатысты. Қазіргі таңда Департаментпен Шымкент қаласындағы 64 мемлекеттік мекемелердің орналасқан алаңдары оңтайландырылды. Енді осы тұрғыдағы жұмыстарды бағынысты мекемелерде де жүргізу жоспарлануда", - деді Айбек Ақбергенұлы.
"Қазіргі таңда 100-ге жуық мектептерде "Адалдық дүкендері" ашылды. Адалдық дүкендері дегеніміз - мектептерде мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.
Мұндай дүкендерді ашу балалардың жоғары моральдық қасиеттерін көтеруге, атап айтқанда, әдептілік, адалдық және өзін-өзі дамытуға бағытталған.
"Сонымен қатар, мектеп директоры өз кабинеттерін оқушыларға босатып беру үрдісі осымен тоқтап қалмай, барлық қалалық мектептерде жүргізу жоспарлануда", - деді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.
Осы бастама мектептермен шектеліп қалмай, басқа да мекемелерде жүргізілетін болады (аурухана, емхана, колледж және т.б).
Показать комментарии
Читайте также