Сот Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы үкім шығарды

Сот Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы үкім шығарды Фото: 2gis

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыруға қатысты қаулыны БҒМ-нің пайдасына қабылдады. Сот отырысы 25 қарашада елордада өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қаласы) бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Университет БҒМ шешіміне байланысты сотқа шағымданған.

Ведомствоның мәліметінше, сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Реклама
Реклама

"Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған бұзушылық фактілерін де сот растады", – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама