20 желтоқсан 2020 09:26

SpaceX АҚШ-тың барлау спутнигімен зымыран ұшырды

Видеодан алынған скрин

SpaceX компаниясы Nrol-108 спутнигі бар Falcon 9 зымыранын ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

SpaceX компаниясы Nrol-108 спутнигі бар Falcon 9 зымыранын ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания тапсырысты АҚШ-тың әскери-ғарыштық барлау ұлттық басқармасынан алған.

Реклама
Реклама

Трансляция SpaceX YouTube арнасында жүргізілді.

Зымыран Флорида штатындағы Кейп Канавералдағы ғарыш айлағынан сағат 09.00-де (АҚШ-тың шығыс жағалауындағы уақыт бойынша) ұшырылды. Біраз уақыттан соң зымыранның алғашқы бөлігі жерге оралды.

SpaceX Пентагонмен арадағы келісімшарт бойынша АҚШ-тың әскери-ғарыштық барлау ұлттық басқармасының тапсырысын орындайды. Осылайша, Falcon 9 зымыраны бесінші рет ұшырылып отыр.

Nrol-108 аппаратының құны - 1 миллиард доллар. Оның параметрлеріне қатысты ақпарат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram