SpaceX италиялық спутнигі бар Falcon 9 зымыранын сәтті ұшырды

viewings icon 234
comments icon 0
Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

Дүйсенбіде Falcon 9 зымыраны бесінші реттен ғана Cosmo-Skymed италиялық спутнигін сәтті ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Falcon 9 зымыраны бесінші реттен ғана Cosmo-Skymed италиялық спутнигін сәтті ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бастапқыда 27 қаңтарға жоспарланған ұшу төрт рет кейінге қалған. Үш рет ауа райына, ал жексенбіде ұшыру аймағында бөтен кеменің пайда болуына байланысты тоқтатылған.

Канавералда ғарыш айлағынан зымыран АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 18:11-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:11-де) ұшты.

Реклама
Реклама

Жерді радиолокациялық зондтауға арналған спутник төмен жер орбитасына шығады. COSMO-SkyMed-Италия үкіметі әскери және азаматтық мақсаттарда қолданылатын спутниктер шоқжұлдызындағы жаңа буынның екінші аппараты. Біріншісі 2019 жылы Ресейдің "Союз" зымыранымен ұшырылды. Шоқжұлдызға бірінші буынның төрт серігі де кіреді. Space Flight Show басылымы мәліметінше, қазір бұл спутниктер Жерорта теңізіндегі кемелерді бақылау үшін табиғи апаттарды жою кезінде ауыл шаруашылығында қолданылады, сондай-ақ климаттық зерттеулер үшін пайдалы.

SpaceX технологиясы бойынша тасығыш-зымыранның бірінші сатысы оны кейіннен пайдалану үшін ұшыру алаңы маңына қонған.

Деректерге сүйенсек, Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясы 2022 жылы рекорд 52 зымыран ұшыруды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная