ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2021 | 17:00
Теміртау тұрғыны бэтмобилін сатылымға шығарды
Бэтмобиль құрастырып шыққан Евгений Бондаренко өнертабысын 425 миллион теңгеге сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бэтмобиль құрастырып шыққан Евгений Бондаренко өнертабысын 425 миллион теңгеге сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртаулықтың айтуынша, ол өз жоспарын жүзеге асырып, бэтмобиль құрастырып шығарған. Қазір ол сатуға дайын. Евгений оны құруға үш жылдан аса уақыт кеткенін айтты.
"Мен оны өзімді сынап көру үшін жасағым келді. Міне, істей алатынымды дәлелдедім. Сондықтан, біз тек алға жылжуымыз керек деп ойлаймын. Оны сатуды ұйғардым. Бағасы - 425 миллион теңге. Мен қазақстандықтарға жол талғамайтын көліктерді сатып, дилерлік қызмет көрсетемін. Мүмкін, болашақта олардың өндірісі елімізде ашылатын шығар. Жалпы, көптеген жоспарым бар. Мүмкін, қандай да бір заманауи электрмобиль жасайтын шығармыз", - деді Евгений Бондаренко.
Еске салайық, бұған дейін Теміртау тұрғыны Евгений Бондаренко бэтмобиль құрастырып шыққаны хабарланған болатын. Бала кезінен ол ерекше автомобиль модельдерін ұнатып, Бэтмен туралы фильмдер мен анимациялық картиналардың жанкүйері болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также