Тестілеуден өте алмағандар 18 мың шамасында - Т.Балықбаев

©Tengrinews.kz

ҰБТ басталғалы 100-ден жоғары балл жинағандар саны 14,6 пайызды құрады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап.

Тестілеу басталғалы 100 балдан жоғары жинағандардың саны 4 күн ішінде 11 242 оқушыны құраған. Былтыр бұл меже - 100 балдан астам көрсеткішке тек 9204 бала ие болған-тын.

"Биыл ҰБТ-ны 92077 мектеп бітіретін түлек тапсыруы тиіс еді. Алдыңғы 4 күнде олардың 76948-і немесе 83,6 пайызы тапсырып шықты. Осы күндердің нәтижелерін атап өтер болсам, биылғы тест тапсырған түлектердің орташа балы 76,8 болып отыр. Өткен жылы ол 74,7 болған", - деді вице-министр Т.Балықбаев.

Реклама
Реклама

Әзірге тест тапсырғандардың ішінде алматылық екі түлек қана жоғарғы балл жинады.

Вице-министрінің сөзінше, 2-5 маусым күндері аралығында 50 балл жинай алмаған түлектердің саны 17811 шамасында болды. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама