Техастың бірнеше мектебінде оқушыларды таяқпен ұруға рұқсат берілді

© penzavzglyad.ru

А?Ш-ты? Техас штатында?ы Three Rivers т?уелсіз мектебінде ты?дамайтын о?ушыларды жалпа? тая?пен ?ру?а р??сат берілді, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Corpus Christi Caller-Times басылымына сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Техас штатындағы Three Rivers тәуелсіз мектебінде тыңдамайтын оқушыларды жалпақ таяқпен ұруға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Corpus Christi Caller-Times басылымына сілтеме жасап. 


Техас штатындағы Three Rivers тәуелсіз мектебі

Мектеп басшылығынаң жеті мүшесінің алты мүшесі осы ережені қолдап дауыс берген, ал бір адам жиналысқа келмей қалған. Қаулы бойынша балаларды ата-анасының жазбаша рұқсаты бойынша директор және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ғана ұра алады. Рұқсатты ата-аналар оқу жылының басында береді екен. 

Реклама
Реклама

"Егер ата-анасы қарсы болса, бұл мәселе қаралмайды да", - дейді оқу округінің аға инспекторы Мэри Спрингс.

Техас мектептегі жазалау заңды күшіне енген штат. 2016 жылдың қарашасында сол кездегі білім министрі Джон Кинг барлық штаттарға балаларды ұрмау туралы ұсыныс айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл балаларға зиян келтіреді. Ғалымдар зерттеуіне сүйене отырып, ол балаларды ұру ашуланшақ және тәртіпті бұзуға итермелейтінін айтқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама