ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандар саны екі есе артты

ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандар саны екі есе артты

?БТ ?орытындысы медаль?а ие болу?а ?сер етпейтін бол?алы "Алтын белгіні" раста?ан о?ушылар саны екі есе артты. Б?л туралы ?Р Б?М Мектепке дейінгі ж?не орта білім департаментіні? директоры Зейнеп Ма?с?това м?лімдеді. М??алімдер о?ушылар?а ?осымша с?ра? ?оя алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҰБТ қорытындысы медальға ие болуға әсер етпейтін болғалы "Алтын белгіні" растаған оқушылар саны екі есе артты. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді. Мұғалімдер оқушыларға қосымша сұрақ қоя алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өткен жылдары "Алтын белгіні" растаған оқушылар саны 40-тан 48 пайызға дейін болатын. ҰБТ-ның қорытындысы "Алтын белгіні" алуға әсер етпейтін болғалы үздік оқушылар саны 93,5 пайызға жеткен. 

"Бұл бірінші кезекте оқушылар үшін психологиялық жағдай жеңілдегендіктен болған шығар. Олар емтихандарды өз мектебінде тапсыра алды. Екіншіден, емтихан форматы ауысты, әр пән әр күні тапсырылды. Мұғалімдер қосымша сұрақ қойып, жақсы баға алуға мүмкіндік берді", - дейді Зейнеп Мақсұтова "Қазмедиа орталығында" өткен брифинг барысында.

Жарнама
Жарнама

БҒМ өкілінің сөзінше, барлық оқушы өз білімін лайықты көрсете алған.

Еске салайық, емтихан тапсырудың жаңа форматы бойынша, ҰБТ қорытындысы "Алтын белгі" алуға әсер етпейді. Ал "Алтын белгіге" лайық екенін дәлелдей алмаған оқушылар үшін директорлардан жауап алынатын болады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама