Ұйқысы тыныш балалар оқуда үздік болады - ғалымдар

©lycturan.kz

Күнделікті толыққанды ұйқы балаларға жаңа материалды жаттауға, оны есте жақсы сақтауға көмектеседі. Еуропа ғалымдарының Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жариялаған зерттеуінің нәтижесіне қарағанда, ұйықтап алған баланың есте сақтау қабілетінің жақсаратыны анықталды, - деп хабарлайды BBC News.

Зерттеуге 6-12 жас арлығындағы 216 бала қатысты. Ғалымдар тәжірибе аясында дамытатын түрлі ойындардың арқасында балалардың жаңа сандарды қалай жаттайтынын бақылады.  

Нәтижесінде ойнағаннан кейін бірден ұйықтаған баланың қайтып оянғанда ойын барысында көрген барлық сандарды жаттап алғаны анықталды. Ал төрт сағатқа жалғасқан ойыннан кейін ұйықтамаған балалардың есінде ешбір мәлімет қалмаған.  

Реклама
Реклама

Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеудің нәтижесі баланы оқу алдында ұйықтату керектігін дәлелдеп берді, сонымен қатар, балалардың бұл кезеңде неліктен көп уақыт ұйықтағысы келетіні түсінікті болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама