24 қараша 2020 18:46

Вакциналар СОVID-19-ды толығымен тоқтата алмайды - ДДҰ

Вакциналар СОVID-19-ды толығымен тоқтатпайды, бірақ олар вирусқа қарсы күресте үлкен үміт күттіреді, Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге онлайн-брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Технологиялар мен фармацевтикалық әзірлемелер көз алдымызда жаңа белестерді ашып жатыр. Вакциналар СОVID-19-ды толығымен тоқтатпаса да, біздің барлық сұрағымызға жауап бермесе де, олар осы вирусқа қарсы соғыста үлкен үміт күттіреді", - деді Клюге.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, соңғы апталарда вакциналар туралы жағымды жаңалықтар болды.

"Дәл осы сәтте мен Еуропалық аймақтың 53 елінде бар ғылыми-техникалық тәжірибе мен білімнің мол байлығын еске түсіремін. Алайда, біз барлық елге вакциналар нарығына қолжетімділікті тең қамтамасыз етпесек, вакциналар тиімді қолданылмаса және елдер вакциналарға қатысты күмәнді жоймаса, бұл мүмкіндік іске аспайды", - деді Клюге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram