Хокинг Ғалам пайда болғанға дейінгі тіршілік жайлы сұраққа жауап берді

© Youtube

?лыбританиялы? танымал физик-теоретик Стивен Хокинг StarTalk ба?дарламасына ?атысты. Хокингке ?лкен жарылыс теориясы мен ?алам?а дейін нені? бол?аны жайлы с?ра?тар ?ойылды, - деп жазады РИА Новости.

Ұлыбританиялық танымал физик-теоретик Стивен Хокинг StarTalk бағдарламасына қатысты. Хокингке Үлкен жарылыс теориясы мен Ғаламға дейін ненің болғаны жайлы сұрақтар қойылды, - деп жазады РИА Новости.

"Ештеңе де болған жоқ", - деп мәлімдеді ғалым. Бұл орайда ғалым Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына сілтеме жасай отырып, кеңістік пен уақыттың нәтижесінде кеңістікті-уақыттық континуумның құралып, соның нәтижесінде олардың масса мен энергияның әсерінен деформацияланатынын айтты.

Хокингтің айтуынша, ол кванттық гравитацияға евклидтік тұрғыдан қарайды. "Евклидтік тұрғыдан қарағанда Ғаламның тарихы алдамшы тұрде мынандай - төрт өлшемнен тұратын қисайған кеңістік (Жер сияқты)", - деді ғалым.

Реклама
Реклама

Осылайша, ғалымның сөздеріне қарағанда, Ғаламды Жердің Оңтүстік полюсі ретінде елестетуге болады - физиканың қарапайым заңдары жұмыс істейтін нүкте ретінде. "Үлкен жарылысқа дейін Оңтүстік полюстен басқа ештеңе болған жоқ", - деді физик.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама