Жасанды интеллекттің адамды алмастыратын уақыт айтылды

© GeekBrains

Жасанды интеллект ж?йесі алда?ы 10-15 жылда адамды толы?тай алмастыра алады. Б?л туралы РФ-ні? Келешек зерттеулеріні? ?оры директорыны? орынбасары Сергей Гарбук м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жасанды интеллект жүйесі алдағы 10-15 жылда адамды толықтай алмастыра алады. Бұл туралы РФ-нің Келешек зерттеулерінің қоры директорының орынбасары Сергей Гарбук мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қолданбалы жасанды интеллект жасау міндетін шешуді сөз еткенде біз оператор-адамды техникалық жүйемен алмастыруды айтамыз. Жасанды интеллект жүйесі адамды 10-15 жылда алмастыра алады", - дейді Гарбук. 

Ғалымның пікірінше, қазірдің өзінде міндеттерді орындау жағынан адамнан кем түспейтін жасанды интеллект жүйелері жасалып қойған. Мәселен, адамның даусы мен бет-әлпетін тану.  

Реклама
Реклама

"Дегенмен де адамның миы жасанды интеллекттен айтарлықтай басым. Оператор-адам жұмысын үйренгенге дейін ата-анасынан берілген және даму арқылы келген мүмкіндіктерге ие, бұл біріншіден. Ал екеншіден бұл мүмкіндіктер алдағы өмірде жетілуін жалғастырады. Адамның өзінде бар интеллектуалдық тәжірибесі оған ары қарай дамуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Гарбук.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама