05 қазан 2017 | 15:30

Ажырасып кеткен Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен Дәурен Айдарқұлов қайта табысты ма?

© ntk.kz кадры

Ажырасып кетті деген әнші Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен танымал КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов кафеде тамақтанып отырған жерінде ұсталып қалды. Бұл туралы "НТК" телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында хабарланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ажырасып кетті деген әнші Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен танымал КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов кафеде тамақтанып отырған жерінде ұсталып қалды. Бұл туралы "НТК" телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында хабарланды. 

Тілшілердің мәліметінше, жұлдызды жұп таяуда қаладағы тамақтандыру орталықтарының бірінде бірге болған. Олардың тамақтанып отырған видеосы телеарна редакциясына түсіпті. Алайда кейінірек шоумен Дәурен Айдарқұлов бұл жағдайға қатысты пікір тартудан бас тартып шыға келді. 

Реклама
Реклама

"Екеуінің татуласқаны айдан анық. Әйтпесе бұл не болуы мүмкін? Достық қарым-қатынас па, әлде махаббатқа екінші мүмкіндік берді ме?" дейді бағдарлама жүргізушісі.


Видео кадрлары © ntk.kz

Еске салайық, мұның алдында Ақбота-Нұр Сейітмағамбет шоуменмен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. "Сіздерге менің және бұрынғы күйеуімнің арасында не болып жатқаны қызық болды ма?! Мен ол адамды жіберуді ұйғардым және оған өкпем жоқ. Арамызда не болғанын сіздер білмейсіздер, оның не себепті бірінші отбасынан кеткенін, кейін не үшін екінші отбасын тастап кеткенін, ал енді үшіншісінен де не үшін кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер ол адамды тіпті білмейсіздер. Өз ар-ұяты білсін. Тіпті 10 әйелі болса да бақыт тілеймін", - деп ағынан жарылды әнші.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная