Актер Асылхан Төлеповтің ұлы қайтыс болды

Камила Долаева Журналист
Сурет: instagram.com/ai__sulu

Актер Асылхан Төлеповтің кіші ұлы Ақан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер Асылхан Төлеповтің кіші ұлы Ақан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы Асылханның ағасы актер Артур Төлепов Instagram-да жазды. 

"Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иманың саламат болсын. Біз сені жақсы көреміз", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Асылханның жары Айсұлу да Instagram-да "Ботақаным-ай..." деген жазба қалдырды.

Артынша ақпаратты Асылхан Төлеповтің өзі де Instagram желісіндегі парақшасында растады. 

Асылхан Төлепов - Қазақстандық актер. 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек Мың бала" фильміндегі Сартай батырдың ролінен кейін танымал бола бастаған. Ол 2017 жылы отбасын құрған. Бірінші баласының есімі - Алпамыс. Ал екінші ұлы Ақан былтыр дүниеге келген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама