Актерлік шеберлігім асып-тасып бара жатса да, әншілікті тастамаймын - Нұрлан Еспанов

© almalove.kz

Қазақстандық әнші, композитор Нұрлан Еспанов baistars.kz порталына берген сұхбатында кино саласына бет бұратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порталдың мәліметінше, түрлі фильмге түсіп, образдарды сомдау, Нұрланның бала күнгі арманы екен. Ол бұған дейін отандық фильмдердің бірнешеуінде өзін актерлік қырынан танытып үлгерді. Ал қазіргі таңда екі бірдей киноға түсіп жатыр.

"Енді кино жанрына қарай көбірек бет бұрып, тіпті жақында киноға кетуім мүмкін. Бірақ қорықпаңыздар! Мен ең алдымен әншімін, актерлік шеберлігім асып-тасып бара жатса да, әншілікті тастамаймын", - дейді Нұрлан Еспанов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, туындының атауы да, сюжет желісі де - құпия. Бірақ ол туындыда Еспановтың мұғалімнің рөлін сомдайтыны белгілі болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама