Актриса Линда Нигматулина алты жылдан бері ет жемей жүр

Қазақстандық Линда Нигматулина алты жылдан бері ет жемей жүр. Вегетариандардың ұстанымымен өмір сүретін ол жануар еті, құс, балық, сүт өнімдерінен бас тартыпты. Ол тіпті жануарлар терісінен тоқылған киімдерді де кимейді екен, - деп хабарлайды Comode басылымы.

Жақында Beautylook.pro сайтына сұхбат берген Линда Нигматулина өзінің алты жылдан бері ет жемейтінін айтты. Ол жануарларды қорлаған фильмдерді көріп, тіпті көз алдында құстарды өлтіргендердің болғанын да жасырмады. "Бала кезден қалған бұл көріністер ет пен сүт ішпеуге әкеліп соқтырды. Меніңше, тірі жанның барлығы өмір сүруге құқылы. Адамдар етсіз қалай жүресің деп жатады? Алайда, жануарлар да шөп жеп қоректеніп жүр ғой. Біз де солай" деді Линда. Айта кетейік, оның баласы да анасы секілді вегетариандардың жолды ұстанып келетіні анықталды.

Басылым мәліметінше, таяуда актриса Исландия еліне барып, фантастикалық киноға түсіпті. Алайда әзірше жаңа туындының атауы құпия қалып отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама