ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2017 | 11:17
Алматылық 10 жастағы қыз украиналық шоудың әділқазыларын таңдай қақтырды
Он жастағы алматылық қыз "Голос. Дети" шоуының барлық қазыларын өзіне қаратты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЮНА продюерлік орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Он жастағы алматылық қыз "Голос. Дети" шоуының барлық қазыларын өзіне қаратты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЮНА продюерлік орталығына сілтеме жасап.
Данэлия Төлешова Украинадағы байқауға қатысты. Жобаның төртінші кезеңінде Монатик, "Времия и Стекло" тобы және Наталья Могилевская әділ қазы болды. Бірнеше кастингтен өткен Данэлия қазылардың көз салмай, дауысын тыңдау арқылы ғана таңдайтын кезеңінде Дэми Ловато "Stone Cold" әнін орындаған. Қыз ән сала бастаған сәттен-ақ барлық қазылар қызға бұрылған. Ал жиналған көреремендер шулап қоя берді.
Показать комментарии
Читайте также