Алматылық қыз Лондонда өткен "КСРО-2017 аруы" байқауында вице-ару атанды

Алматылы? ?ыз "КСРО-2017 аруы" (USSR UK-2017) бай?ауында Вице-ару титулын же?іп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматылық қыз "КСРО-2017 аруы" (USSR UK-2017) байқауында Вице-ару титулын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

22 сәуірде Лондонда "КСРО-2017 аруы" байқауының финалы өтті, онда University of Surrey 1-курс студенті қазақстандық Кәмила Исинғарина Вице-мисс атағын жеңіп алды. 

Реклама
Реклама

"КСРО-2017 аруы" байқауына бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған барлық елдердің өкілдері қатысты. Биыл сонымен қатар Польша және Литва елдерінің өкілдері де қатысты. 

Қазылар алқасы ең сұлу қызды таңдады, байқауға қатысушы арулар бірнеше кезеңнен өтті. Қыздар өздерінің ұлттық киімінде шықты, би жарысында сайысты, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, биыл қазылар алқасы құрамына Ольга Бузова енді. Сонымен қатар арнайы қонақ ретінде шақырылған Ирина Дубцова сахнада өнер көрсетті. 

Байқаудың бас жүлдесін ресейлік Анастасия Боил жеңіп алды. 

Осы байқау Ұлыбританияда биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Осы жылдардың өзінде бұл байқау халықаралық жобаға айналған.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама