29 мамыр 2018 | 18:57

Әнші Асхат Тарғын бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

© instagram.com/askhat_targin

Қазақстандық әнші Асхат Тарғын бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол бүгін 7 арнада "Күдік туғызған күйеулер" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Асхат Тарғын бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол бүгін 7 арнада "Күдік туғызған күйеулер" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді.

Әншінің айтуынша, бірінші әйелімен ажырасуындағы бірден-бір себеп - қызғаныш. "Қызғаныш та бар, бір жағынан біз бір-бірімізді түсіне алмадық. Оның басқа ойы, көздеген мақсаттары болды, мінезіміз сәйкес келмеді. Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Сүйдік-күйдік, үйлендік. Дегенмен небәрі үш жыл ғана бірге тұрдық ", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, әнші бірінші әйелімен арасында бір қыз баласының бар екенін айтты. "Мен үйдің кенжесі болғандықтан, әке-шешемді бағып, олармен бірге тұруым керек. Әйелім ата-анамен тұрғысы келмеді. Ойымыз бір жерден шықпай, отбасымызды сақтай алмадық", - деп ашығын айтты Асхат Тарғын. Алайда, әнші әйеліне қол көтерген кезі болмағанын айтты.

Әншінің сөзінше, қазіргі әйелімен еш қызғанышсыз, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 

Айта кетейік, Асхат Тарғын 2017 жылы 23 жастағы Әлия есімді қызбен шаңырақ көтерген еді. 


© instagram.com/askhat_targin


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная