22 маусым 2023 17:15

Әртістердің мемлекеттік концерттерден алатын гонорары: Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Фото: instagram @kudaibergenov.dimash, @rozarymbaeva, видео кадры

Мәдениет және спорт министрлігі әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы құжатқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы құжатқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық НҚА" порталында құжат әзірлеп, жариялағаны хабарланған болатын. Онда отандық әртістердің мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін алатын гонорары туралы ақпарат жарияланған.

Реклама
Реклама

Қазір "Ашық НҚА" сайтынан бұл ақпарат өшірілген, оның орнына "мемлекеттік органның ресми сұрау салуына байланысты" ақпарат алып тасталғаны жазылған.

Бұған қатысты Мәдениет және спорт министрлігі пікір білдірді.

"Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram