"Астана аруы - 2018" тұрмысқа шықты

"Астана аруы - 2018" Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" сән байқауының Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап. 

"Астана аруы - 2018" Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" сән байқауының Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап. 

Парақшада қыз баланың үйлену тойына арналған киіммен түскен суретін, сондай-ақ салтанатты шараның видеосын және оның жолдасымен түскен суретін жариялаған. Елордадағы ең сұлу қыздардың бірі болып танылған бойжеткеннің жолдасы кім екені айтылмаған. Той Алматыда өткен.   

Реклама
Реклама

"Сұмдық әдемі әрі сәнді Еркеназ Сейфулла, "Астана ару - 2018" тұрмысқа шықты. Той бүгін Алматыда өтті. Жастарды шын жүректен құттықтап, баянды бақыт тілейміз!", - делінген жазбаның сипаттамасында.

2018 жылы 12 желтоқсанда "Астана аруы - 2018" сән байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфулла болған еді. Қыз бала Қазақ технология және бизнес университетінде дизайнер мамандығы бойынша білім алып жатқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама