16 ақпан 2020 | 16:58

Аустралияда "Бригада" саундтрегінің авторы қайтыс болды

видеодан үзінді

Аустралияда композитор, Triplex жобасының мүшесі және "Бригада" сериалының саундтрегінің авторы Андрей Иванов қайты болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияда композитор, Triplex жобасының мүшесі және "Бригада" сериалының саундтрегінің авторы Андрей Иванов қайты болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Музыкант Сиднейде Бондай Бич жағажайының маңында жартастан құлап, қайтыс болған. Онымен бірге жары болған, әйелді аман алып қалған. 

Реклама
Реклама

"Өз өмірімде кездескен әлемдегі ең ашық адамдардың бірі еді", - деп жазды ресейлік журналист Михаил Козырев Facebook желісіндегі парақшасында. 

Андрей Иванов - электрондық музыканы орындайтын ресейлік Triplex музыкалық жобаның құрылтайшыларының бірі. Ұжым 1992 жылы құрылған. "Катапульта" альбомын, "Баскервиль төбеті" композициясын және ремиксін шығарды.

2000-шы жылдары Triplex бірінші кезекте саундтректерді фильмдерге және телесериалдарға, мысалы, "Коллекционер", "Бой с тенью" және тағы басқа картиналарына әуен жазумен танымал болды.

"Бригада" телехикаясына 2003 жылы шығарылған саундтрек жылдың ең үздік рингтоны ретінде MTV Ресей сыйлығын алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная