18 қыркүйек 2021 | 17:00

"Айқын жеке ән жазуыма қарсы". "Жұлдыздың жары" бағдарламасында - Жұлдыз Өмірғали

Әнші, "Кеш You" тобының экс-солисі, актриса Жұлдыз Өмірғали "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының алғашқы қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші, "Кеш You" тобының экс-солисі, актриса Жұлдыз Өмірғали "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының алғашқы қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында балалық шағындағы қиындықтар туралы, жарының бұрынғы әйелі Әселмен қарым-қатынасы туралы және Айқын Жұлдыздың жеке ән жазуына неге қарсы екені туралы әңгімеледі.

Жұлдыздың айтуынша, әкесі ішімдікке құмар болғандықтан бала күнінде отбасында жылу көрмеген.

Реклама
Реклама

"Ауылды мекендерде көбіне адамдар ішімдікке құмар болады. Соңында бәрі немен аяқталды? Бәрі сынып, отбасы жан-жақта, біз апа мен атаның қолында, анамыз басқа жақта, әкем өмірден озып кетті. Анам әкемнен көп таяқ жеді. Өлтіріп қоятын жағдайға да жеткен болатын", - дейді Жұлдыз.  

Ол неліктен көптен бері жеке ән жазбай жүргенін түсіндірді.

"Оған себеп - жарым десем болады. Себебі жеке ән жазуыма қарсы. Ертеңгі күні іссапармен шақырып жатса, қызғаныш сезімі бар. "Екеуміз бірге айтамыз" дейді. Дуэт ретінде айтамыз", - дейді Жұлдыз.

Сонымен қатар, әнші жары Айқынның бұрынғы әйелі Әселмен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін айтты.

"Айқын бәрін өзі жеткізіп, ажырасу процесін өзі бастап берген болатын. Әрине, басында әйелі барын білгенім жоқ. Кейбірі сенбей жатады. (...) Әселдің өзімен кездеспедім, бір шеті кездескім де келмейді. Кездескен уақыттың өзінде не деймін?" - дейді әнші.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқаларының жұбайлары болады.

Сенбіде, 18 қыркүйекте сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының алғашқы шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де күтіңіздер.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. 2017 жылы ол "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы ол "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы ол "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная