ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2019 | 11:32
Айсұлтан Сеитов АҚШ-та 21 Savage және J. Cole үшін бейнебаян түсірді
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов хип-хоп орындаушы 21 Savage-дың жаңа альбомындағы әнге бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов хип-хоп орындаушы 21 Savage-дың жаңа альбомындағы әнге бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түсірілім 2019 жылдың қаңтарында Атлантада өтті. Оған 21 Savage және рэпер J.Cole қатысты, олар бірге А lot трегін орындайды.
Бейнебаянда салтанатты кешкі ас пен ондағы қатысушылардың өміріндегі қиын сәттерден "флэшбэк" көрсетіледі.
Айта кетейік, 21 Savage (Шайа Бен Авраам-Джозеф) қазіргі заманғы хип-хоп сахнасының ең жарқын өкілдерінің бірі саналады.
Айсұлтан Сеитов Jah Khalib, Noize MC, Иван Дорн, сондай-ақ, бірқатар шетелдік және қазақстандық музыканттарға жасаған жұмыстарымен танымал.
Показать комментарии
Читайте также