Әзілкеш Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
zhahan_utargaliyev Instagram-парақшасынан алынған

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатты. Бұл туралы Жаханның өзі, жары Балжан Бидаш Instagram-парақшаларында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатты. Бұл туралы Жаханның өзі, жары Балжан Бидаш Instagram-парақшаларында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балжан Бидаш Түркияға Жаханның жағдайы үшін келгенін, оның белі ауыратынын жазды. 

"Ота жақсы өтті. Жақындарыма ота жасалатынын естісем, қатты уайымдаймын. Жылап қаламын. Ота деген сөздің өзі қорқынышты. Өзіме келгенде қорықпаймын. 13 жылдан бері белі ауырады екен", - деді әнші Instagram-да.

Реклама
Реклама

Кейінірек Балжан Жахан ауруханадан шыққанын, жағдайы жақсы болып келе жатқанын айтып, тілеулес болып жатқан халыққа алғысын білдірді.

Жаханның өзі де Желіде бұл жолы Ыстамбұлға қыдырып келмегенін, бойында қорқыныш бар екенін жазды.

"Аллахтың қалауымен дәл уақытында келген сияқтымын. Бірден ауруханаға келдік", - деді Жахан.

Ол ота жасалуының себебін де түсіндіріп берді. Әзілкеш бір түсірілім барысында күн қатты суық болғанын, қар жауып кеткенін, сол кезде асқындырып алып, тоқтамай ауырған соң келгенін айтты. 

"Қымбатты жанашыр достар, Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Кешеден бері тілеп жатқан жақсы тілектеріңіз үшін рақмет", - деді актер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная