ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 желтоқсан 2014 13:19
Баян Есентаева Жаңа жылдан кейін кастинг өткізеді
Танымал продюсер Баян Есентаева 2015 жылы тағы бір шығармашылық жобаны жүзеге асырады, сол үшін Жаңа жылдан кейін кастинг ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Есентаеваның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
"Көріктілер! Таланттылар! Сымбаттылар! Жезтаңдайлар! Жақында кастинг өткіземін! Екі адамның арманын жүзеге асыруына мүмкін бар! "Мен кез келген адамды жұлдызға айналдыра аламын, бірақ енді түңілгім келмейді! Өзін ең атақтылардың орнына лайықтымын деп есептейтіндерді ғана күтемін!!! Демалыстан мол күш жинап, сергіп алып, сіздерді күтетін боламын!!!", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Баян Есентаева өзінің жазылушыларын келе жатқан жылмен құттықтады. "Жазылушыларымның барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Сіздерге бар жақсылықты тілеймін, тілектеріңіз орындалсын!", - деп жазды Есентаева.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу