Баян Есентаеваның сіңлісі оның оралатынын айтты

© instagram.com

Күйеуі ұрып-соғып, пышақтаған продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаева қайтадан өз жұмысына оралады. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында оның сіңлісі жазды.

"Өмірде түрлі жағдай болады. Бірақ ол жалғаса береді, тоқтауға болмайды! Сондықтан таяуда keshyou_official-дан (КешYOU тобынан - Авт.) жаңа трек. Менің ойымда туынды дайын тұр, демек, таяуда жаңа видео! @bayanyessentayeva_ маған "Тоқтама, жұмыс істе, мен таяуда қосыламын!" деді. Қысқасы, бар жақсылық алда!", - деп жазды Бағым Мұхитденова. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.

 20 маусымда Баян Есентаева ауруханадан шығарылған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама