Баян Мақсатқызы өз сөзі үшін кешірім сұрады

Белгілі продюсер, актриса Баян Ма?сат?ызы ?аза?станны? сот ж?йесіне ?атысты айт?ан пікірі ?шін кешірім с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ол Instagram желісіндегі пара?шасында жазды.

Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы Қазақстанның сот жүйесіне қатысты айтқан пікірі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Еліміздің сот жүйесін сынау оңай болып кетті. Таяуда өзім де осындай "құбылыстың" қатысушысы болдым. Алайда адам қателеседі. Мен де. Құпиямды айтайын, менің қатем өзімді қуантты. Себебі әділдік - ең жақсы сый", - деп жазды ол. 

"Ел билігіне жоспарлы іс-қимылы үшін рақмет айтамын... Заңның үстемдігіне, айналамызда да, өзімізде де шыншылдыққа, әділдікке ұмтылуымыз керек! Сот жүйесіне қатысты айтқан теріс пікірлерім үшін кешірім сұраймын және бұдан былай Фемиданың шешіміне бірде-бір қазақстандық налымайды деп сенемін", - деді продюсер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама