1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес
Реклама
Реклама

"Бақытсыз деп ойлайсыңдар ма?". Ерке Есмахан мезі еткен сұраққа жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz

Сурет: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-парақшасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Instagram Stories-те оқырмандарының бірі одан "Қашан күйеуге тиесіз" деп сұраған. 

"Мені күйеуге жіберіп, өздеріңіз менсіз не істемекшісіздер. Неге сұрай бересіздер? Мені күйеусіз бақытсыз деп ойлайсыздар ма? Қателеспеңіздер!", - деді әнші.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол өмір тек ер адамның төңірегінде айналып жатпағанын жеткізді.

"Қасыңда жігітің, күйеуің бар ма, жоқ па, оған қарамай, өзің толық болуың керек! Өзіңді тап бірінші! Өмір тек ер адамның төңірегінде айналып жатқан жоқ!" - деді ол.

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!