Бейонсенің өңделмеген суреттері Интернетті "жарды"

Бейонсенің өңделмеген суреттері Интернетті "жарды" Сол жақта Бейонсенің өңделмеген суреті, оң жақта - фотошоптан кейін. ©gawker.com

18 ақпанда америкалық әнші Бейонсенің өңделмеген 200-ге жуық суреті Интернетте жарияланды. Gawker порталының хабарлауынша, 33 жастағы поп-жұлдызының суреттері L'Oréal Paris косметикалық компаниясының 2013 жылы өткен фотосессиясы кезінде түсірілген.

Әлеуметтік желіні қолданушылар әртістің келбетін қызу талқылап, оның бет терісінің әрлеп түзетілген суреттердегідей мінсіз емес екенін айтты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, өткен аптада Интернет желісінде топ-модель Синди Кроуфордтың журнал үшін ұйымдастырылған түсірілім кезіндегі фотошопсыз суреттері пайда болды. Суреттер бірден интернет-вирусқа айналды. Көпшілік фотосессияға баға беріп, Кроуфордтың қазіргі кезі әлдеқайда әдемі көрінетінін айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама