18 қараша 2020 | 21:21

БҚО-да мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 18 қарашада Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасарынан Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалғаны, алайда құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалу қаупі болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ #21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқарды.

Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды. Жабайы құстар - аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешілетіні де хабарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная