ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 17:07
"Black Star мен Sony Music-тен ұсыныс түсті". 18 жастағы қарағандылық танымал болды
Colorit лақап атымен өнер көрсететін 18 жастағы Арыстан Әбілдин TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде танымалдыққа ие болды. Ол қазақстандық, ресейлік және шетелдік әртістердің әніне кавер жазады. Оның роликтері миллион қаралымға жетіп, жанкүйерлер саны күн санап артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыстан Қарағандыда дүниеге келіп, өнерпаздар отбасында өскен. Сондықтан да шығармашылықпен бала күнінен айналысады. Әкесі музыка мектебінің директоры, анасы хор жетекшісі. Ата-анасына еліктеп, ол да музыка мектебіне оқуға түскен.
Ол бірнеше жыл бойы Симба лақап атымен өнер көрсеткен. Кейін 2020 жылы жазда Арыстан музыкалық бағытын түбегейлі өзгертіп, Colorit есімімен тыңдарманға қайта оралды. Енді ол жазған шетелдік әуендер нұсқасына Егор Крид, Клава Кока және басқа да танымал әртістер видео түсіріп жүр.
Сонымен қатар, ол жақында Jah Khalib ұйымдастырған каверлер байқауында жеңімпаз атанды. Содан кейін танымал ресейлік Black Star және Sony Music-тен ұсыныстар түскен. Қазір музыкант Zivert, Feduk, Иван Дорнды насихаттаумен айналысатын P.M.I. Music музыкалық ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында Арыстанның жеке альбомы шығады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также