02 мамыр 2017 | 19:51

Біреудің жеке өміріне араласу дұрыс емес - Айқын Төлепберген

КешYOU тобының жаңа құрамын көрсетіп тұрған Айқын. © instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Айқын Төлепберген КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, видеода бір топ адамның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен шығарып салып жатқаны көрінеді. "Артыңа қарама" дейді кадр сыртындағы адам. Ал кейін Айқын оны сүйіп, көтеріп алып бара жатады. Алайда әншінің өзі мұның сериалдың түсірілімі екенін айтып отыр.

Реклама
Реклама

"Интернетта жүрген "жаңалыққа" айтарым, бұл сьемка. Сериал түсірілімі. Сондықтан ондай әңгімені тоқтатуларыңызды сұраймын. Жалпы, болашақта, біреудің жеке өміріне араласу, ол туралы (рұқсатсыз) ақпарат тарату дұрыс емес деп ойлаймын. Құрметті журналисттер мен инста-порталдар, кез келген адам жеке өмірін құпияда сақтауға xұқылы. Түсірілімнің желісін, сериал экранға шыққанда көре жатарсыздар. Құрметпен, Айқын. Раxмет", - деп жазды Айқын Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында.


© instagram.com/aikyn

Айта кетейік, Айқынның екі баласы бар. Тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниеге келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная