ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2017 | 21:32
Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелі Ақбота-Нұр Сейітмағамбетті де тастап кетті
Танымал КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелі әнші Ақбота-нұр Сейітмағамбетті де тастап кетті. Бұл туралы Ақбота-нұр Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал КВН ойыншысы, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелі әнші Ақбота-нұр Сейітмағамбетті де тастап кетті. Бұл туралы Ақбота-нұр Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, ол Айдарқұловтың үшінші әйелі болған.
"Сіздерге менің және бұрынғы күйеуімнің арасында не болып жатқаны қызық болды ма?! Мен ол адамды жіберуді ұйғардым және оған өкпем жоқ. Арамызда не болғанын сіздер білмейсіздер, оның не себепті бірінші отбасынан кеткенін, кейін не үшін екінші отбасын тастап кеткенін, ал енді үшіншісінен де не үшін кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер ол адамды тіпті білмейсіздер. Өз ар-ұяты білсін. Тіпті 10 әйелі болса да бақыт тілеймін", - деп ағынан жарылды әнші.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта бар назары ұлында екенін айтып отыр. "Осы періштем үшін бәрін де істеймін, маған сыйлай салған Аллама рақмет. Мені аяудың және жалғыз қалып қойды-ау деудің қажеті жоқ. жанымда бауырым мен жақын адамдарым бар...", - делінген жазбада.
© instagram.com/akbotanurabaykyzy
Еске салайық, актер мен әншінің көңіл қосқаны туралы мәлімет жасырын болған еді. Ал кейін Ақбота Сейітмағамбеттің ұл босанғаны белгілі болған.
Показать комментарии
Читайте также