04 ақпан 2019 10:02

Децлдің өмірінің соңғы сәттерінің видеосы жарияланды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото instagram © фото instagram

Интернетте дәрігерлердің Кирилл Толмацкийдің (Децл) өмірін сақтап қалу үшін әрекет жасап жатқаны түсірілген бейнежазба пайда болды. Ол 3 ақпанда Ижевск түнгі клубында кенеттен қаза тапты. Роликті куәгер түсірген, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы.


Интернетте дәрігерлердің Кирилл Толмацкийдің (Децл) өмірін сақтап қалу үшін әрекет жасап жатқаны түсірілген бейнежазба пайда болды. Ол 3 ақпанда Ижевск түнгі клубында кенеттен қаза тапты. Роликті куәгер түсірген, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы.

Бейнежазбада әнші гримеркада еденде жатқан, ол әлсіреген. Келген дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысқан, бірақ қолдарынан ештеңе келмеген. Рэпердің концерттік директоры Павел Беленец RT тілшілеріне берген сұхбатында жедел жәрдем бес минутта келгенін айтты. Олар жарты сағат бойы оны құтқаруға тырысқан.

Олар адреналин екпесін салған, бірақ ол көмектеспеген. Беленецтің айтуынша, оны ешқандай ауру мазаламаған, өзін әрдайым жақсы сезінетін.

Интернетте Децлдің соңғы ән шырқаған сәті таралған. Ол жақта әнші өзінің танымал "Вечеринка" әнімен жиналған адамдары тербеген. Mash хабарлауынша, рэпер концерттен кейін әлсіреп қалған.

Ол гримеркаға барған сәтте ұстамасы басталған. Оған дейін Толмацкий қолының ауырып жатқанын айтқан.

Тергеушілер болса Децлді Ижевскіге туған күніне шақырған ер адамнан жауап алған. Туған күн иесі Никита Пантюхин музыканттың ештеңе жемегенін, бірақ тек кофе және 50 грамм коньяк ішкенін айтқан. Оған қоса полицейлер Пантюхиннен әншіге кезіккен барлық адамның тізімін беруін сұраған. Ол тізімде 25 адам, полицейлер олардан жауап алмақшы.

Кирилл Толмацкий Децл және Le Truk лақапатымен концерттерге шығатын. 35 жасында Ижевскіде қайтыс болды. Оның өлімі жайлы 3 ақпанда белгілі болды."Кирилл енді жоқ", - деп айтты оның әкесі. Алдын ала ақпарат бойынша, өлім себебі - жүрегі тоқтап қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети